АҚШ Украинаға 285 миллион долларлық зымыран жолдайды
АҚШ Украинаға 285 миллион доллар құнындағы Ұлттық жетілдірілген Құрлықтан әуеге зымыран жүйелерін жолдайды.
Америка Құрама Штаттары (АҚШ) әкімшілігі Украинаға 285 миллион доллар құнындағы Ұлттық жетілдірілген Құрлықтан әуеге зымыран жүйелерін сатуды мақұлдады.
Пентагонға қарасты Қорғаныс қауіпсіздігі және ынтымақтастық агенттігінің мәліметіне қарағанда Украинаға 285 миллион доллар құнындағы Ұлттық жетілдірілген Құрлықтан әуеге зымыран жүйелерін қамтыған «LAN/MPQ-64FI Sentinel» радары, "GPS" қабылдағыш, өртті басқару орталығы, зымыран ұшыру жүйесі және басқа да далалық жабдықтардың жолданатыны білдірілді.
Конгреске сатудың мақұлдануына байланысты хабарлама жіберілгені жазылған мәлімдемеде осы сауда арқылы «Еуропадағы саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін серіктестік құрған елдің қауіпсіздігін қорғауды» қамтамасыз ететіні және шешім «АҚШ-тың сыртқы саясаты мен ұлттық қауіпсіздік мақсаттарына да сәйкес келетіні» атап көрсетілді.
Мәлімдемеде «Украинаның Ресейден келетін зымырандық шабуылдарға қарсы қорғаныс қабілетін арттыруы қажет» деп атап көрсетіліп, Украинаның бұл мүмкіндікке жетуі және оны тиімді пайдалануы елдегі маңызды инфрақұрылымдарды қорғауға көмектесетініне назар аударылды.