Ұлыбританиядағы шетелдік студенттер отбасын елге әкелмейді

Ұлыбритания көші-қонды азайту мақсатымен шетелдік стеденттердің отбасын елге әкелуін шектейді.

1989907
Ұлыбританиядағы шетелдік студенттер отбасын елге әкелмейді

Ұлыбритания иммиграцияны азайту саясатының бір бөлігі ретінде халықаралық студенттер белгілі бір шарттарды қоспағанда, 2024 жылдың қаңтарынан бастап өздерінің асырауындағы адамдарды елге кіргізе алмайды.

Ұлыбританияның Ішкі істер министрлігі студенттік виза иелерінің отбасыларына арналған визалық өтінімдегі өзгерістерге қатысты мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде халықаралық студенттердің зерттеу бағдарламасы ретінде анықталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға қатыспаса, асырауындағы адамдарды Ұлыбританияға апара алмайтыны атап өтілді.

Аталған өзгеріс халықаралық студенттерге алдын ала жоспарлауға уақыт беру үшін 2024 жылдың қаңтарынан бастап күшіне енетіні білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар