Гутерреш "Қаратеңіз астық бастамасына" назар аударды

Гутерреш БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің сессиясында баяндама жасады.

1990093
Гутерреш "Қаратеңіз астық бастамасына" назар аударды

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерреш "Қаратеңіз астық бастамасы" және БҰҰ мен Ресей арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумды жүзеге асыруға қатысты кейбір маңызды мәселелердің әлі жалғасқанын мәлімдеді.

Гутерреш БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің сессиясында қақтығыс кезінде бейбіт тұрғындарды қорғау туралы баяндады.

Ресейдің астық келісімі аясында бастаманы тағы 60 күнге ұзартуды қабылдауына ризашылығын білдірген Антониу Гутерреш "Кейбір маңызды мәселелер әлі де бар. Дегенмен Ресей, Украина, Түркия және БҰҰ өкілдері болып, бұл мәселелерді талқылауды жалғастырамыз" деді.

Ресей мен Украинадан азық-түлік және тыңайтқыш экспортын жаһандық жеткізілім тізбегіне қосуды келешекте де үміт еткендерін білдірген Гутерреш бастаманың осы мақсатқа бағытталғанын және БҰҰ-ның осыған толық қолдау көрсетуді жалғастыратынын атап көрсетті.

 



Ұқсас жаңалықтар