Германияда ұшақ апатында 2 кісі мерт болды
Полиция ұшақ апатында 2 ұшқыштың қаза тапқаны туралы ақпаратпен бөлісті.
1989240

Германияның Карлсруэ қаласына жақын жерде шағын ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты.
Полиция Рейнштеттен әуеге көтерілген шағын ұшақ жоғалып, Линкенхайм-Хочстетендегі тоған маңынан ұшақ сынықтары табылғаннан кейін тікұшақ көмегімен іздеу-құтқару жұмыстары басталғанын хабарлады.
Құтқару тобының аймаққа жетуі қиын болғандықтан, көлікпен емес, жаяу жеткені білдірілді.
Полиция 2 ұшқыштың қаза тапқаны туралы ақпаратпен бөлісті.
Оқиғаның себебін анықтау жұмыстары жалғасуда.