Ауғанстандағы тікұшақ апатында 2 ұшқыш қаза тапты
"МД-530" типті әскери тікұшақтың Хулм ауданы маңында құлағаны және екі ұшқыштың қаза тапқаны хабарланды.

Ауғанстанның солтүстігінде әскери тікұшақ апатқа ұшырап, екі ұшқыш қаза тапты.
Талибан уақытша үкіметінің Қорғаныс министрлігі осыған қатысты мәлімдеме жасады.
Мәлімдемеде Ауғанстанның солтүстігіндегі Белх уәлаятының орталығы Мазари-Шарифтен Саманган уәлаятына қарай бет алған "МД-530" типті әскери тікұшақтың Хулм ауданы маңында құлағаны және екі ұшқыштың қаза тапқаны хабарланды.
Мәлімдемеде тікұшақтың электр бағанасына соғылуы салдарынан апатқа ұшырағаны және оқиғаның егжей-тегжейлері тексерілгені білдірілді.
Ұқсас жаңалықтар

Ресей көліктеріне тыйым салды
Осылайша Еуропада Ресей нөмірі бар көліктерге тыйым салған елдер саны 8-ге жетті.

Терроризммен күрес табандылықпен жалғасады
Яшар Гүлер терроризммен күрестің табандылықпен жалғасатынын айтты.