«Үлкен жетілік» елдері көшбасшылары Хиросимада жиналды
Жапония үкіметі «Үлкен жетілік» саммиті аясында Украина отырысы өткізілгенін мәлімдеді.

«Үлкен жетілік» елдері көшбасшылары Украинаға қажетті дипломатиялық және әскери қолдауды қамтамасыз ететіндерін уәде берді.
Жапония үкіметінің мәлімдемесіне қарағанда, Хиросима қаласында өткен «Үлкен жетілік» саммиті аясында «Украина дағдарысы» отырысы өтті. Сессияға Украина президенті Владимир Зеленский де қонақ ретінде қатысты.
Украинаға қажет кезде дипломатиялық, қаржылық, гуманитарлық және әскери қолдауды беруге уәде берген «Үлкен жетілік» елдері көшбасшылары Украинада бейбітшілікті қалпына келтіруге бел байлағандарын қайталады.
Саммитке қонақжайлық жасаған Жапония премьер-министрі Кишида Фумио Зеленскийді Украинада әділ және ұзақ бейбітшілік орнату жолындағы шынайы талпыныстары үшін құттықтады.
Екінші жағынан «Үлкен жетілік» елдері көшбасшылары әлемнің ашаршылық қаупімен бетпе-бет екенін және ушығып бара жатқан жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі мәселесіне қарсы бірігіп жұмыс істеудің маңыздылығын баса айтты.
Қаратеңіздегі астық бастамасының максималды әлеуетінде үздіксіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін шақыру жасалды.