Ресей Финляндия елшілігі банк есепшоттарын бұғаттады

Ресейдің еліндегі Финляндия елшілігі мен Бас консулдығының банк есепшоттарын бұғаттағаны білдірілді.

1987802
Ресей Финляндия елшілігі банк есепшоттарын бұғаттады

Ресей Мәскеудегі Финляндия елшілігі мен Санкт-Петербургтегі Бас консулдығының банк есепшоттарын бұғаттаған.

Финляндияда шығатын "Helsingin Sanomat" газетінің хабарына қарағанда Ресей еліндегі Финляндия елшілігі мен Бас консулдығының банк есепшоттарын бұғаттап тастағаны білдірілді.

Газетке жасаған мәлімдемесінде Финляндияның Сыртқы істер министрлігі аталған банк есепшоттарына қол жеткізу мүмкін еместігін растады.

Министрлік жағдайдың күрделі екенін, мәселенің мән-жайын анықтап жатқанын хабарлады.

Газеттің хабарлауынша Финляндия бұл мәселеге байланысты Ресей билігімен хабарласқан.

Финляндияның Ресейде өкілетті елшілігі, Санкт-Петербургте Бас консулдығы,  жалпы екі өкілдігі бар.



Ұқсас жаңалықтар