Ким Чен Ын әскери барлау жер серігі нысанын тексерді
Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяның барлау жерсерігі сынағының қауіпті екенін ескертуде.
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын елдің алғашқы әскери барлау жер серігі орналасқан нысанды тексерді.
Биліктегі жұмысшылар партиясына жақын ұлттық "Rodong Sinmun" газеті Ким мен оның қызының мекемені тексеріп жатқан кездегі суреттерін жариялады.
Солтүстік Кореяның ресми ақпарат агенттігі әскери барлау жер серігінің ғалымдар тарапынан тексерілгенін және кейбір сынақтардан өткеннен кейін зымыранға тиеуге дайын екенін хабарлады.
Оңтүстік Корея Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде Солтүстік Кореяның әлі күнге дейін халықаралық органдарды жер серігінің ұшырылғаны туралы хабардар етпегені, егер ұшырылатын болса, «аймақтық бейбітшілігі мен тұрақтылығына қауіп төндіретіні» баса көрсетілді.
Барлау жер серігінің ұшырылуына қатысты мәлімдемеде:
Солтүстік Корея режимі халықтың мүшкіл халін елемей, заңсыз арандатушылықтарын жалғастырумен айналысқанын тағы бір рет дәлелдеп отыр» деді.
Солтүстік Корея 19 желтоқсанда алғашқы барлау жер серігін әзірлеудің соңғы кезеңі ретінде қарастырылған сынақ жер серігін ұшырғаны туралы хабарлады.
Ұқсас жаңалықтар
Бельгияда Израильге қарсы бойкот акциясы
Еркін Университеті студенттері Бельгияда Израильге қарсы бойкот акциясы бастады.
Путин Қорғаныс министрін қызметінен босатты
Ресей президенті Андрей Белоусовты жаңа қорғаныс министрі ретінде ұсынды.