Иордания мен Кувейттің Судандағы елшіліктеріне шабуыл жасалды

Иордания мен Кувейт Судандағы елшіліктеріне жасалған шабуылды айыптады.

1987070
Иордания мен Кувейттің Судандағы елшіліктеріне шабуыл жасалды

Иордания Суданның астанасы Хартумдағы елшілік ғимаратына белгісіз адамдардың басып кіргенін және зақымдалғанын хабарлады.

Иордания Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде:

«Судандағы елшілігімізге жасалған шабуылды айыптаймыз» деп жазылды.

Дипломатиялық өкілдіктердің егемендігіне бағытталған зорлық-зомбылықтың барлық түрі айыпталған мәлімдемеде дипломатиялық ережелер мен қатысты халықаралық келісімдерді сақтаудың маңыздылығы атап өтілді.

Мәлімдемеде шабуыл салдарынан елшілік ғимаратына зақым келгені білдірілді, басып кірген адамдар туралы мәлімет берілмеді.

Кувейт Сыртқы істер министрлігі де Судандағы елшілік ғимаратына байланысты резиденцияға шабуыл жасалып, қиратылғанын хабарлады.

Министрліктің жазбаша мәлімдемесіне қарағанда Кувейт елшілігінің Хартумдағы әскери кеңсесі басшысының резиденциясына шабуыл жасалды.

Министрлік шабуылды айыптай отырып, Судан үкіметін және барлық қақтығысушы тараптарды дипломатиялық миссия орталықтарын толық қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдауға шақырды.

Шабуыл жасаған жауапты қылмыскерлердің жазалануын талап еткен мәлімдемеде ешбір тарап айыпталмаған.

Суданда қақтығыстар басталған 15 сәуірден бері ел астанасы Хартумда әртүрлі елшіліктер мен оған қатысты ғимараттарға шабуыл жасалып, оның маңайындағы аумақтар қиратылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар