Макрон мен Зеленский Парижде кездесті

Елисей сарайында Макрон мен Зеленскийдің Украина-Ресей соғысын талқылағаны білдірілді.

1986522
Макрон мен Зеленский Парижде кездесті

Франция президенті Эммануэль Макрон мен Украина президенті Владимир Зеленский Франция астанасы Парижде кездесті.

Елисей сарайында Макрон мен Зеленскийдің шамамен 3 сағатқа созылған кездесуіне байланысты жасалған ортақ жазбаша мәлімдемеде екі лидердің Украина-Ресей соғысын айыптағаны білдірілді.

Ресейдің Украина жерінен әскери күштерін дереу және ешбір шартсыз шығаруы қажет екені баса айтылып, Франция мен Украинаның да Ресейді Запорожье атом электр станциясынан шығуға шақырғаны хабарланды.

Мәлімдемеде Францияның Украинаның тәуелсіздігі, егемендігі және территория тұтастығын жақтайтыны атап көрсетілді.

Париж әкімшілігінің қажет болғанда Украинаға саяси, қаржылық, гуманитарлық және әскери қолдауын жалғастыратынына назар аударылған мәлімдемеде Францияның алдағы апталарда көптеген әскери топтарға білім беретіні, оларды ондаған сауытты көлік және жеңіл танктермен қамтамасыз ететіні, танктер арасында "AMX 10-RC" типті жеңіл жауынгерлік танктер де бар екені атап өтілді.

Сондай-ақ мәлімдемеде Париж әкімшілігінің күш-жігерін «Украинаның әуе қорғаныс қабілетін қолдауға» бағыттағанына назар аударылды.

Франция бұған дейін Украинаға 2 ДНҚ зертханасын жіберіп, Украинаның бейбітшілік жоспарын қолдағаны хабарланды.

Украина мен Францияның Ресейге қарсы жаңа санкциялар жасауға шақырғаны жазылған мәлімдемеде Францияның Украинаның Қаратеңіз астық бастамасын жалғастыру талпыныстарының маңыздылығына тоқталғаны атап өтілді.

Мәлімдемеде Украина мен халқының болашағы еуропалық отбасының құрамына кіретіні, Францияның НАТО-Украина комиссиясын қолдайтыны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар