Еуроодақтың сайлау мәлімдемесі

Еурокомиссия төрайымы Түркияда сайлауға қатысу деңгейінің үлкен жетістік екенін атап көрсетті.

1986718
Еуроодақтың сайлау мәлімдемесі

Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен Түркияда өткен сайлауды мұқият қадағалағандарын, сайлаушылардың жоғары қатысуының үлкен жетістік екенін мәлімдеді.

Фон дер Ляйен Бельгияның бас қаласы Брюссельде Еуроодақ кеңесі төрағасы Шарль Мишельмен бірге өткізген баспасөз мәслихатында Түркиядағы президенттік және парламент сайлауын бағалау туралы қойылған сұраққа жауап қайтарды.

Фон дер Ляйен Түркияның өздері үшін маңызды серіктес екенін атап «Бұл сайлауға халықтың үлкен қатысуы шынымен жақсы жаңалық, өйткені бұл түрік халқының демократиялық құқықтарын пайдалана отырып, дауыс беруге және демократиялық мекемелерге берген бағасын көрсетеді. Бұл кешегі сайлаудың үлкен жеңісі» деді.

Еуроодақ Кеңесінің төрағасы Мишель болса сайлауға жоғары қатысу үшін түрік азаматтарын мақтан тұтқандарын білдірді.

Демократиялық елдерде сайлау процесінің маңыздылығына тоқталған Мишель бұл процестің нәтижесін қадағалайтындарын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар