Зеленский ресми сапармен Италия және Германияға барды

Украина президенті Владимир Зеленский Италия мемлекеттік телеарнасына сұхбат берді.

1986147
Зеленский ресми сапармен  Италия және Германияға  барды
zelenskiy-papa.jpg
zelenskiy-meloni.jpg

Украина президенті Владимир Зеленский 2022 жылдың 24 ақпан күні басталған соғыста Ресейге қарсы шабуыл жасау үшін үлкен табандылықпен дайындалып жатқандарын атап көрсетті.

Зеленский алдымен Италияға барып, содан кейін Германияға өтті.

Италияда келіссөздер жүргізген Зеленский Италия мемлекеттік телеарнасында журналистердің сұрақтарына жауап қайтарды.

Зеленский соғыста Ресейге қарсы шабуылға үлкен табандылықпен дайындалып жатқандарын, қысқа уақытта маңызды қадамдар басатындарын және соған ынталанғандарын білдірді.

Украина президенті сондай-ақ украин әскерлерінің Қырым шекарасына жеткен жағдайда, Ресей президенті Владимир Путинге деген қолдаудың ел көлемінде азаятынын болжады.

Қытай Мемлекет басшысы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлескеніне назар аударған Зеленский Сидің Ресейге қару-жарақ жеткізбейтіні және Ресейді қолдамайтынын ашық жеткізгенін атап көрсетті.

Зеленский Римдегі байланыстары аясында Италия президенті Серджо Маттарелла, премьер-министр Джорджия Мелони және Рим Папасы Францискпен бас қосты. Украина басшысы содан кейін Германияға өтті.

Германия Қорғаныс министрлігі Украинаға 3 миллиард долларлық әскери техника жөнелтетіндерін хабарлады.

Майданда қиян-кескі қақтығыстар жалғасуда. Ресейдің Брянск қаласында бір әскери ұшақ пен бір тікұшақтың атып түсірілді.

Украина Қорғаныс министрлігі Бахмутта екі бағытта ілгерілеудің жалғасқанын хабарлады. Мәлімдемеде қала орталығындағы жағдайдың одан күрделірек екені айтылған.



Ұқсас жаңалықтар