Замбияда бір автобус жүк көлігімен соқтығысты

Апат салдарынан 24 адам қаза тапса, жүргізушіні қосқанда 12 адам ауыр жарақат алды.

1986048
Замбияда бір автобус жүк көлігімен соқтығысты

Замбияда діни рәсімге бара жатқан жолаушылар мінген автобус пен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан 24 адам қаза тапты.

Замбияның Сиавонга қаласындағы шіркеуде өтетін діни рәсімге бара жатқан жолаушылар мінген автобус жүк көлігімен соқтығысты.

Апат салдарынан 24 адам қаза тауып, жүргізушіге қоса 12 адам ауыр жарақат алды.

Замбияда қараусыз қалған жолдар мен абайсызда көлік жүргізу салдарынан жол-көлік оқиғаларының жиі орын алатыны айтылады.



Ұқсас жаңалықтар