209 колумбиялық мигрант еліне жеткізілді

Олар АҚШ-ты гуманитарлық қажеттіліктер қамтамасыз етілмеді деп айыптап отыр.

1985261
209 колумбиялық мигрант  еліне жеткізілді

Америка Құрама Штаттарынан (АҚШ) депортацияланған 209 колумбиялық мигрант биліктің бастамаcы нәтижесінде елдеріне жеткізілді.

Ел астанасы Боготадағы халықаралық Эльдорадо әуежайына жеткізілген колумбиялық мигранттар АҚШ-та кемсітушілік әрекеттерге душар болғандарын айтты.

Колумбия Сыртқы істер министрлігінің Twitter-дегі аккаунтында жасалған мәлімдемеде халықаралық ұйымдармен үйлесімділік ішінде жұмыс істеліп жатқаны айтылып, «209 қорғансыз азаматымызды елге әкелдік және оларға көмектесіп жатырмыз» деген сөздер қолданылды.

Колумбиялық баспасөзде АҚШ билігінің мигранттарды кокаин тасымалдады деп айыптап, олардың гуманитарлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік бермегені орын алды.

Омбудсмен мекемесі мигранттардан құқықтардың бұзылуына байланысты қажетті ақпарат алынғанын және бұл мәселе бойынша жұмыс басталғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар