Қытайдың ковид шешімі

Қытай Ковид-19-ды «В сынып індет» ретінде атауды жалғастыратынын мәлімдеді.

1984232
Қытайдың ковид шешімі

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирустың жаңа түріне (Ковид-19) байланысты жарияланған «жаһандық төтенше жағдайды» алып тастады.

Қытай болса Ковид-19-ды «В сынып індет» ретінде атауды жалғастыратынын мәлімдеді.

Қытайдың Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы «ДДСҰ-ның шешімі жаһандық қауіп жойылды дегенді білдірмейді» деп мәлімдеді.

Комиссия Қытайдың Ковид-19-ды «В сыныбы індетіне» жатқызғанын және осы тұрғыдағы шаралардың жалғасатынын хабарлады. Сонымен бірге  вирус әлі де мутацияға ұшырап, жергілікті деңгейде таралуда екені атап өтілді.

Жапония керісінше, Ковид-19-ды маусымдық тұмау санатына қосты және елде коронавирусқа арналған карантиндік процедураларды алып тастады.



Ұқсас жаңалықтар