Судан армиясы IGAD-тың атысты тоқтату ұсынысын қабылдады

Жедел қолдау күштері IGAD-тың ұсынысымен байланысты мәлімдеме жасаған жоқ.

1982603
Судан армиясы IGAD-тың атысты тоқтату ұсынысын қабылдады

Судан армиясы қазіргі атысты тоқтатудың бүгін түн ортасынан бастап тағы бір аптаға ұзартуды ұсынып отырған Шығыс Африкадағы үкіметаралық даму жөніндегі органының (IGAD) бастамасын қабылдағанын жариялады.

Армия жасаған мәлімдемеде елдегі қазіргі дағдарыспен күресу үшін IGAD-тың жаңа бір шешім ұсынғаны атап көрсетілді.

Ағымдағы атысты тоқтатуды тағы бір аптаға ұзартуды ұсынатын IGAD-тың бастамасы Оңтүстік Судан, Кения және Джибути мемлекет басшыларынан тұратын жоғары деңгейлі механизммен атысты тоқтатуды талқылау үшін екі тараптан бір бірден өкіл тағайындауды ұсынады.

Мәлімдемеде бұл келіссөздің кез-келген бір елде механизмнің келісімімен өтетіні атап көрсетілді.

Қарулы күштердің Сауд Арабиясы мен АҚШ-тың бітімгерлік ұсынысын ескергені аталған мәлімдемеде бұл ұсыныстың «Африкадағы мәселелерді Африканың өзара шешімі» ережесі негізделгенін және азаматтардың гуманитарлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету  ұсынысының болса қабылданғаны хабарланды.

Мәлімдемеде көтерілісшілер деп аталған Жедел қолдау күштерінің (ЖҚК) ұсынылған атысты тоқтату талаптарын орындайтынын үміт еткені баса айтылды.

ЖҚК бұл ұсыныспен байланысты мәлімдеме жасаған жоқ.

Суданда 2013 жылы Дарфур аймағындағы қарулы көтерілісшілерге қарсы үкімет күштеріне қолдау үшін құрылған және ЖҚК-нің толығымен армияға қосылуын қамтитын «әскери қауіпсіздік реформасына» қарсы соңғы бірнеше айдағы келіспеушілік 15 сәуір күні таңғы уақыттан бастап қызу қақтығыстарға айналған еді.

Қақтығыстарда қаза тапқандар санының 550-ге, жараланғандар санының 4 мың 926-ға жеткені жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар