Епископтар Мәжілісінде әйелдер де дауыс береді

Рим Папасы Франциск Епископтар Мәжілісінің әкімшілігіне байланысты нормаларда кейбір өзгерістер жасауды мақұлдады.

1980358
Епископтар Мәжілісінде әйелдер де дауыс береді

Католиктердің рухани жетекшісі және Ватикан президенті Рим Папасы Франциск келесі Епископтар Мәжілісінен бастап әйелдердің де дауыс беру құқығына ие болуы керек деп шешті.

Ватиканның мәлімдемесіне қарағанда Рим Папасы әлемнің түкпір-түкпірінен епископтар белгілі бір мәселелерді шешу үшін мерзімді түрде бас қосатын Католик шіркеуінің маңызды ақылдасу органдарының бірі болып табылатын Епископтар Мәжілісінің әкімшілігіне байланысты нормаларда кейбір өзгерістер жасауды мақұлдады.

Рим Папасы Франциск енгізген түзетумен епископ емес мүшелерге де дауыс беру құқығы берілді.

Бұл жерде ең таңғаларлық өзгеріс епископ еместерге, әсіресе әйел мүшелерге осы уақытқа дейін тек епископтар дауыс бере алатын Епископтар Мәжілісінде дауыс беру құқығы берілуі болды.

Италия баспасөзіндегі хабарда Епископтар Мәжілісіне епископ емес 70 адамның тағайындалатыны, олардың жартысының әйел болуы шарт екені және бұл адамдардың дауыс беру құқығына ие болатыны білдірілді.

Осыған қарағанда шамамен 370 мүшеден тұратын Епископтар Мәжілісінде дауыс беру құқығына ие 41 әйел болуы күтілуде, олардың 6-ы шіркеуден және 35 жаңадан тағайындалған әйелдер. Осылайша қазан айында жиналуы жоспарланған келесі Епископтар Мәжілісінде дауыс беру құқығына ие әйелдердің өкілдігі 10 пайыз шамасында болмақ.

 Рим Папасы Франциск бұған дейін әйелдердің Ватикан мемлекеттік әкімшілігінде жоғары лауазымдарды міндетті атқаруын қамтамасыз ету үшін қадамдар басқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар