33 сарбаз қаза тапты

Қақтығыста 40 террорист залалсыздандырылды.

1980457
33 сарбаз қаза тапты

Буркина-Фасодағы әскери бөлімге жасалған шабуылда 33 сарбаз қаза тапты.

Армия басшылығынан жасалған жазбаша мәлімдемеде Гурма штатында орналасқан әскери бөлімге белгісіз біреулердің шабуыл жасағаны білдірілді. Мәлімдемеде қақтығыста 40 террористтің залалсыздандырылғаны, бірақ 33 әскердің қаза тапқаны, 12 әскердің жараланғаны айтылды.

Буркина-Фасо 2015 жылдан бері көрші Малидегі әл-Каида мен ДАИШ-пен байланысы бар лаңкестік топтардың шабуылдарының нысанасына айналды.



Ұқсас жаңалықтар