БҰҰ Талибан билігін айыптады

Біріккен Араб Әмірліктері мен Жапония дайындаған резолюция жобасын 15 мүшеден тұратын Кеңес бүгін дауысқа салады.

1980211
БҰҰ Талибан билігін айыптады

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Ауғанстандағы Талибан әкімшілігін әйелдердің БҰҰ-мен жұмыс істеуіне тыйым салғаны үшін айыптады.

Бүгін Қауіпсіздік кеңесінде дауысқа салынады деп күтілген БҰҰ резолюция жобасында тәліптердің Ауғанстандағы әйелдер мен қыздардың адам құқықтары мен негізгі бостандықтарына «бұзғанына» терең алаңдаушылық білдірілді.

Талибандарды білімге, жұмысқа, қозғалыс еркіндігіне және қоғамдық өмірге тең қатысуға қол жеткізуді жылдам қалпына келтіруге шақырған жоба БҰҰ-ға мүше барлық мемлекеттерге Талибанның әйелдер мен қыздарға қатысты саясаты мен тәжірибесін «тез арада кері қайтару» үшін өз ықпалын пайдалануды ұсынады.

Біріккен Араб Әмірліктері мен Жапония дайындаған резолюция жобасын 15 мүшеден тұратын Кеңес бүгін дауысқа салады. Ресей мен Қытай қалыс қалады деп күтілсе де, резолбция жобасы мақұлдануы мүмкін.

2021 жылдың 15 тамызында Талибан Ауғанстан билігіне келіп, әйелдердің жұмысы мен қыздардың білім алуына елеулі шектеулер қойды.

БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек көрсету миссиясы (UNAMA) БҰҰ-ның ауғандық әйел қызметкерлеріне Ауғанстанның Нангархар провинциясында жұмыс істеуге жол бермегенін хабарлады.

 



Ұқсас жаңалықтар