ОКПӘ Германия іздеу салған террор ұйымы мүшесін қайтарады
ОКПӘ немістер іздеу салған Кенан Аясты алғы шартпен Германияға тапсырады.

Оңтүстік Кипр Понти Әкімшілігі (ОКПӘ) Германия тарапынан «террор ұйымына мүшелік» айыптауымен тұтқындау шешімі бар күдіктіні шартты түрде кері қайтару туралы шешім қабылдады.
Кипр понти ақпарат құралдарының хабарына қарағанда Ларнака аудандық соты 15 наурыз күнінен бері қамауда болған және PKK мүшесі екені білдірілген 49 жастағы Кенан Аястың Германия жариялаған «Еуропа тұтқындау ордері» аясында шартты түрде қайтарылуына шешім қабылдады.
Понти Соты Германия сот процесі нәтижесінде Аясқа жаза немесе шек үкімі шығарылған жағдайда Түркияға кері қайтарылмауы, жазасын орындау үшін Оңтүстік Кипрге жіберілуі алғы шартын қойды.
Ұстап беру туралы шешім қабылданған Кенан Аястың тергеу жұмыстарының артынан тез арада неміс лауазымдарға тапсырылатыны хабарланды.
Германия «террор ұйымына мүшелік» айыбымен іздеу салған Кенан Аяс 15 наурыз күні Кипр Понти әкімшілігі тарапынан елден шығуға әрекет жасаған кезде Ларнака әуежайында ұсталып, қамауға алынған болатын.
Аяс ОКПӘ әкімшілігінде 4 жылдан астам пана іздеуші мәртебесімен тұратын.