Эквадорда көшкіннен 43 кісі қаза тапты
Әкімшілік көшкінінен 43 адам қаза тапқанын, 163 үй зақымдалып, 57 үй толығымен қирағанын хабарлады.

Оңтүстік Америка елі Эквадорда 27 наурыз күні болған көшкіннен қаза тапқандар саны 43 адамға жетті.
Эквадор Ұлттық тәуекелді басқару хатшылығы жасаған мәлімдемеде Чимборазо штатындағы Алауси қаласында болған көшкін апатында адам шығынының артқаны білдірілді.
Табиғи апаттан қаза тапқандар санының 43-ке жеткені, із-түзсіз жоғалғандарды іздеу жұмыстарының жалғасқаны бөлісілді.
Көшкін қаупіне байланысты аймақтан 1000-ға жуық адамның эвакуацияланғаны, жұмыстың тыңғылықты жалғасып жатқаны айтылды.
Әкімшілік көшкінінен 163 үй зақымдалып, 57 үй толығымен қирағанын хабарлады.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауына қарағанда аймақтағы тауда біраз уақыттан бері жарықтар пайда болып, бұл көшкіннің түсуіне әсер еткен көрінеді.
Эквадор Көлік және қоғамдық жұмыстар министрлігі жабылған жолдарды көлік қозғалысына қайта ашу үшін үздіксіз жұмыс істеп жатқандарын мәлімдеді және 30 наурызда Чимборазо штатында «төтенше жағдай» жариялады.
Ұқсас жаңалықтар

Терроризммен күрес табандылықпен жалғасады
Яшар Гүлер терроризммен күрестің табандылықпен жалғасатынын айтты.