АҚШ-та Ораза айт алғаш рет ресми демалыс болып жарияланды

АҚШ-та алғаш рет бір муниципалитет Ораза айт мерекесін «ресми демалыс» деп жариялады.

1977382
АҚШ-та Ораза айт алғаш рет ресми демалыс болып жарияланды

Мичиган штатының Дирборн қаласындағы мұсылмандар Ораза айттың бірінші күнін ресми демалыс ретінде өткізеді.

Дирборн мэрі Абдулла Хаммуд жергілікті БАҚ-қа жасаған мәлімдемесінде «Алғаш рет бір муниципалитет Ораза айт мерекесін демалыс ретінде жариялап отыр және сіздің нанымыңыз басқалар сияқты ресми түрде мойындалды. Менің ойымша, бұл өте маңызды» деді.

2021 жылы сайланған және Дирборнның алғаш мұсылман мэрі болған ливандық Хаммуд мұсылман қауымы алғаш рет «өзі туып-өскен бұл қаланың бір бөлігі ретінде сезінетінін» атап көрсетті.

Қабылданған шешіммен АҚШ-та алғаш рет муниципалитеттің барлық қызметкерлері Ораза айттың бірінші күні ақылы демалыс алуға құқылы болды. 21 сәуір жұма күні қалалық әкімшілік, соттар мен кітапханалар сияқты ресми мекемелердің де жабық екені білдірілді.

Дирборн АҚШ-тағы ең көп мұсылман халқы өмір сүретін қала ретінде танымал және оның 110 мыңға жуық халқының шамамен жартысына жуығының араб текті екені белгілі.

АҚШ-та Ораза айт жыл сайын көбірек қабылданып жатқанымен Нью-Йорк және Нью-Джерси сияқты мұсылман халқы көп кейбір штаттарда мерекенің бірінші күні мектептер жабылады.

Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымы штаб-пәтері де мерекенің біраз уақыттан бері айттың бірінші күні жабық болады.



Ұқсас жаңалықтар