Қытайда ауруханадағы өртте 29 кісі қаза тапты
Кеше болған өрттен кейін 71 науқас құтқарылып, қауіпсіз жерге көшірілді.

Қытайдың астанасы Бейжіңде жекеменшік аурухананың жатақты бөлімінде шыққан өртте қаза тапқандар саны 29 кісіге жетті.
Бейжің газетінің хабарына қарағанда үкімет Финтай ауданындағы Бейжің Чанфин ауруханасында шыққан өртте тағы 8 адам қаза тапқанын хабарлады.
Алғашқы анықтаулар бойынша 21 адам қаза тапқаны білдірілген өртте қаза болған адам саны 29-ға көбейді.
Өрт шыққан аурухана ғимаратының шығыс қанаты жабылған, ауруханаға келіп емделу қызметі тоқтаған. Сонымен бірге аурухана қарасты болған компанияның акциялары бойынша операциялар тоқтатылды.
Кеше болған өрттен кейін 71 науқас құтқарылып, қауіпсіз жерге көшірілді.
Өрт кезінде түтінге оранған аурухана ғимаратының терезелерінен жіппен түсуге талпынған, ғимарат қабырғасына дейін созылған баспалдақтарға жетуге тырысқан адамдардың суреттері әлеуметтік желіде жарияланды.
Өрттің шығу себебі әлі анықталмағанымен, оқиғаға қатысты тергеу жалғасуда.