ЕО мен Косово арасында 90 күн виза алынбайды

Косово азаматтарына ЕО-ға, ал ЕО азаматтарына Косовоға кез келген 180 күндік мерзімде 90 күнге дейін визасыз жүруге рұқсат беріледі.

1976684
ЕО мен Косово арасында 90 күн виза алынбайды

Еуропа Парламенті (ЕП) Косово төлқұжаттарының иелеріне ЕО-ға визасыз кіруге рұқсат беру туралы шешімді мақұлдады.

Еуропа Парламенті Бас ассамблеясында дауыс беруден кейін жасалған жазбаша мәлімдемеде:

«Косово азаматтарына ЕО-ға, ал ЕО азаматтарына Косовоға кез келген 180 күндік мерзімде 90 күнге дейін визасыз жүруге рұқсат етіледі» деп көрсетілді. 

Аталмыш шешіммен бүкіл Батыс Балқан аймағы ЕО-ның визасыз саяхат аймағы Шенгенмен визадан босату аясына қосылды.

Шешім ресми газетте жарияланғаннан кейін күшіне енеді.

Визадан босату Еуропа Саяхат туралы ақпарат және рұқсат беру жүйесі іске қосылған күннен бастап немесе 2024 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді.

Еуропа Саяхат туралы ақпарат және рұқсат беру жүйесі  2024 жылға дейін күшіне енсе, осы уақыт есепке алынады.

Косово басқа Батыс Балқан елдерімен бірге 2003 жылы Грекияның Салоники қаласында өткен ЕО көшбасшыларының саммитінде «әлеуетті үміткер» ел болып жарияланған болатын.

Косовоның 2008 жылы біржақты түрде Сербиядан тәуелсіздігін жариялағанын қазір ЕО-ның 5 елі, атап айтқанда Грекия, Румыния, Словакия, Испания және Кипрдің Грек әкімшілігі мойындамайды.

Косово 2022 жылдың желтоқсанында ЕО-ға мүшелікке ресми өтініш берді.



Ұқсас жаңалықтар