Қызылшадан адам өлімі артты

Қызылшадан бөлек дифтериямен ауыратындар мен мұндай аурулардан өлім-жітім көбейді.

1975744
Қызылшадан адам өлімі артты

Биылдың басынан бері Йеменде қызылшадан 77 бала қайтыс болды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Йемендегі гуманитарлық істерді үйлестіру кеңсесі (OCHA) жазбаша мәлімдемесінде елдегі қызылша індетінің таралуына қатысты көрсеткіштердің алаңдатарлық екенін атап көрсетті.

Йеменде осы жылдың басынан бері 9 мың 418 қызылша ауруы анықталған. Мәлімдемеде “2023 жылдың басынан бері қызылшадан 77 бала қайтыс болды” делінген.

Мәлімдемеде сонымен бірге Йеменде 2022 жылы шамамен 22 мың қызылша ауруы анықталғаны және 160 адамның қайтыс болғаны еске салынды.

Қызылшадан бөлек дифтериямен ауыратындар мен мұндай аурулардан өлім-жітім көбейді.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы 19 наурызда жасаған мәлімдемесінде Йеменде қызылша мен полиомиелит ауруы таралып жатқанын ескерткен болатын.

Елдегі азамат соғысы мен оның зардаптарына байланысты денсаулық сақтау саласы медициналық құрал-жабдықтардың тапшылығын сезінуде.



Ұқсас жаңалықтар