Чехия мен Чилиде наразылық шерулері өтті

Прагада шерушілер энергия бағасы мен азық-түлік бағаларының қымбаттауына наразылық білдірді.

1975824
Чехия мен Чилиде наразылық шерулері өтті

Чехияның бас қаласы Прагада үкіметке қарсы шеру өтті.

Мыңдаған адам елдегі энергия бағасы мен азық-түлік бағаларының қымбаттауына наразылық білдірді.

Шерушілер премьер-министр Петр Фиаланы күнкөрістің қымбаттауына кінәлі деп танып, оның отставкаға кетуін талап етті.

Чилиде қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкеріне арналған шеру өтті.

Демонстранттар елде қылмыстың күшеюіне байланысты президент Габриэль Боричтің отставкаға кетуін талап еткен баннерлер ұстады.

Өткен жылы еліде қылмыс деңгейі 2021 жылмен салыстырғанда 44 пайызға өсті.

Бір айға жетпей 3 полиция қызметкері қаза тапты. Үкімет полициялардың өліміне қарсы бірқатар шаралар қабылдады.

Осы тұрғыда міндетін атқарған полицияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша 1,5 миллиард долларлық қаржы бөлінді.

Қылмыс деңгейі жоғары аймақтарда қауіпсіздік күштерінің қызметі күшейтілетін болады.



Ұқсас жаңалықтар