Израиль палестиналықтардың Иерусалимге кіруіне шектеу қойды

Көптеген адам әртүрлі себептермен бақылау-өткізу бекеттерінен қайтуға мәжбүр болды.

1975080
Израиль палестиналықтардың Иерусалимге кіруіне шектеу қойды

Израиль күштері Рамазан айының соңғы жұма намазын Әл-Ақса мешітінде оқығысы келген палестиналықтардың басқыншылық астындағы Шерияның батысынан Иерусалимге өтуіне кедергі жасады.

Куәгерлердің айтуынша Израиль күштерінің Шерияның батысында Иерусалимге өту үшін құрылған бақылау бекеттеріне қосымша күш жіберіп, жеке куәліктерін тексеріп кейбір палестиналықтардың өтуіне рұқсат бермеген.

Шерияның батысынан Иерусалимге өткісі келген палестиналықтар Иерусалимнің солтүстігіндегі «Календия» бақылау бекеті мен қаланың оңтүстігіндегі «300» деп аталатын бақылау-өткізу бекетінде ұзын кезекте тұрды.

Израиль күштері жас шектеуіне бағынғанымен «қауіпсіздік» сылтауымен кейбір ер адамдарға кіруге рұқсат бермеді.

Көптеген адам әртүрлі себептермен бақылау-өткізу бекеттерінен қайтуға мәжбүр болды.

Екінші жағынан кейбір палестиналықтар Шерияның батысы мен Иерусалим арасындағы Айыру қабырғасын (Ұят қабырғасы) өтіп Әл-Ақса мешітіне жетуге әрекеттенсе де, Израиль патрульдері себепті олардың көпшілігі сәтті болмады.

Израиль 20 наурыз күні қабылданған шешіммен палестиналықтардың Рамазан айында Әл-Ақса мешітінде жұма намазына қатысуына жас шектеуін енгізген еді.

Израиль басқыншылық астындағы Шерияның батысындағы тұратын палестиналық әйелдер, 12 жасқа толмаған балалар мен 56 жастан асқан палестиналық ер адамдар Әл-Ақса мешітінде жұма күндері Иерусалимнің шығысына намаз оқуы үшін рұқсатсыз келе алатынын жариялаған болатын.

45 пен 55 жас аралығындағы палестиналық ер адамдардың болса Әл-Ақса мешітіне ғибадатқа келуі үшін арнайы рұқсат алу міндеті келтірілді.

Шерияның батысында тұратын палестиналықтар Израиль салған қауіпсіздік қабырғасының ар жағындағы жерлерге бару және Израильдегі туыстарын көру үшін арнайы рұқсат алулары керек.

Басқыншылық астындағы Шерияның батысынан шығу үшін палестиналықтардың қауіпсіздік қабырғасы бойындағы 23 бақылау-өткізу пунктінің бірін пайдалануы міндетті.



Ұқсас жаңалықтар