Жасанды интеллект дикторлары экранда

Мысыр, Катар және Кувейтте осы технологиямен жасалған хабар жүргізушілері экранға шықты.

1973779
Жасанды интеллект дикторлары экранда

Жетілген жасанды интеллект технологиясы көптеген мамандықтың болашағына әсер етеді.  Мысыр, Катар және Кувейтте осы технологиямен жасалған хабар жүргізушілері экранға шықты.

Кувейтте таныстырылған «Фидда» (Күміс) атты хабар жүргізуші ағылшын тілінде хабар тарататын «Кувейт Таймс» газетінің интернет парақшасында алғаш рет 13 секунд экранға шықты. Араб тілінде «Мен Фидда. «Кувейт Таймс» медиа органының жасанды интеллектпен жұмыс істейтін алғашқы дикторымын» деп өзін таныстырған Фидда артынан «Фидда сіздерге қандай жаңалықтарды оқысын?» деп сұрап, тыңдармандарды сауалнамаға қатысуға шақырды.

Мысырда болса «Kahire 24» жаңалықтар парақшасы 22 ақпан күні алғашқы жасанды интеллект жаңалықтар бюллетенін жариялады. Виртуалды диктор Ани өзін «Таяу Шығыста медианың дамуы және жетілуі жобасы шеңберінде жасанды интеллект қолданылған тұңғыш дикторы» деп таныстырды.

Катардың бас қаласы Дохада 13 наурыз күні ұйымдастырылған Әл-Жазираның тұңғыш «Жасанды интеллект конференциясы» шеңберінде виртуалды диктор Ибтикар өзін «Әл-Жазира медиа институтының өкілі» деп таныстырды.

Катарда басқа бір виртуалды диктор Нура болса 10 наурыз күні Әл-Жазираның бір бағдарламасында көрерменнің алдына шыққан еді.



Ұқсас жаңалықтар