Йемендік 28 балықшы босатылды

Эритрея теңіз күштері шамамен 150 йемендік балықшыны ұстаған.

1973858
Йемендік 28 балықшы босатылды

Бірнеше ай бұрын Эритреяда ұсталған йемендік 28 балықшы босатылды.

Йемендік ақпарат құралдарының хабарына қарағанда Эритрея теңіз күштері әртүрлі уақытта шамамен 150 йемендік балықшыны ұстады.

Йемендік балықшылардан 28 кісі босатылды.

Босатылған балықшылар Йеменнің Қызыл теңіз жағалауындағы Худейда порттық қаласына жеткізілді.

Хабарламада басқа балықшылар әлі де қамауда екені білдірілді, қосымша мәлімет берілмеді.

Йемен мен Эритрея билігі бұл мәселеге қатысты әлі ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

 



Ұқсас жаңалықтар