Францияда басына крест құлаған қыз бала қаза тапты

Басынан ауыр жарақат алған 6 жасар қыз өзі жеткізілген ауруханада көз жұмды.

1973620
Францияда басына крест құлаған қыз бала қаза тапты

Францияның Рона аймағында христиан дінінде Иса пайғамбардың қайта тірілуі тойланған «Пасха» мерекесіне орай шіркеуде өтіп жатқан діни рәсім кезінде басына үлкен крест құлаған 6 жасар қыз қайтыс болды.

Аудандық прокуратураның мәлімдемесіне қарағанда Ансе қаласындағы христиан қауымы «Пасха» мерекесін қарсы алу үшін шіркеуге жиналды.

Мұнда келушілер үшін бөлінген жерде терезе алдында ойнап жүрген аты-жөні белгісіз кішкентай қыздың басына ұзындығы 2 метр ағаш крест түсті.

Басынан ауыр жарақат алған 6 жасар қыз өзі жеткізілген ауруханада көз жұмды.

Прокуратура оқиғаға қатысты тергеуді бастады.



Ұқсас жаңалықтар