Дәрігерлер 4 күндік ереуілге шықты
BMA өмірге қауіп төнген жағдайда ғана дәрігерлер қызмет көрсететінін хабарлады.

Ұлыбританияда дәрігерлер үкіметпен жалақы мәселесіне байланысты келісе алмағандықтан 4 күндік ереуілге шықты.
Ереуіл Ұлттық денсаулық сақтау жүйесіне айтарлықтай теріс әсер етеді деп күтілуде.
Ағылшын дәрігерлер қауымдастығының (BMA) мүшелері қатысатын, бүгін басталатын ереуілге байланысты ширек миллионнан астам медициналық тексеру мен операция болмай қалады.
BMA өмірге қауіп төнген жағдайда ғана дәрігерлер қызмет көрсететінін хабарлады.
Жалақының жеткіліксіздігі және пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ереуілге шыққан дәрігерлер қазіргі жалақы деңгейі жұмысқа қабылдауға әсер ететінін және көптеген дәрігердің мамандығын тастап кеткенін айтып отыр.
Денсаулық сақтау министрі Стив Барклай болса ұйымдастырушыларды Пасха мерекесінен кейін дәрігерге сұраныс артатын кезде ереуіл жоспарлады деп айыптады.
Жалақы келіссөздеріне назар аударған Барклай жалақыны 35 пайызға көтеру талабының «ақылға қонымсыз» екенін айтты.
Ұқсас жаңалықтар

Газада қаза тапқан палестиналықтардың саны 16 мың 248-ге жетті
Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқан палестиналықтардың саны 16 мың 248-ге жентті.

Ресейде президенттік сайлау болады
Федерация кеңесі президенттік сайлауды 2024 жылдың 17 наурызында өткізу туралы шешім қабылдады.