Ливан Израиль туралы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне шағымданды

Ливан Сыртқы істер министрлігі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1971984
Ливан Израиль туралы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне шағымданды

Ливан елдің оңтүстігіне жасаған шабуылдарынан кейін Израиль туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне (БҰҰК) шағымданды.

Ливан Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Израильдің жұма күні елдің оңтүстігіне жасаған шабуылдарының бейбіт тұрғындардың өмірі мен Ливан территориясының қауіпсіздігіне қауіп төндіргені атап көрсетілді.

Министрліктің Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутеррешке шабуылдармен байланысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне шағымданғаны және Израиль шабуылдарының ең қатаң түрде айыпталуының талап етілгені жеткізді.

Сондай-ақ Израильден Ливанның құрлық, әуе және теңіз егемендігін бұзуды тоқтатуын және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1701 қарарына сәйкес міндеттемелерінің барлығын орындауын қамтамасыз етуі сұралды.

Сондай-ақ шағым хатында Израильдің Иерусалимдегі арандатушы әрекеттер мен киелі орындардың қадір-қасиетіне нұқсан келтіруінің кері әсері мен қауіп-қатері ескертілді.

2006 жылы тамыз айында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қабылдаған 1701 нөмірлі қарар Ливан мен Израиль арасындағы шекарадағы барлық қақтығыстардың аяқталуын қамтиды.

Израиль полициясының Әл-Ақса мешітіндегі мұсылмандарға дыбыс бомбалары, резеңке жабынды оқтар және сойылдармен шектен асқан күш қолданып, екі түн қатарынан шабуылдауы Иерусалимнің шығысындағы шиеленісті арттырып, оқиғалардың басталуына себеп болды.

Израиль армиясы Ливаннан елдің солтүстік аймақтарына бірнеше зымыран атылғанын және елдің солтүстік аймақтарында алдын ала ескерту дабылдарының қаққанын хабарлаған еді.

Израиль зымырандық шабуылдардың «Хамас»-тың Ливанда орналасқан күштері тарапынан жарияланғанын жариялап, «Хамас»-ты айыптаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар