Грекияда «Лаврион» лагерінің жабылатыны алға тартылды
Грекияның «Катимерини» газетінің хабарлауынша лагерь ғимараттар ескіргені себепті жабылады

Грекияның бас қаласы Афины маңында орналасқан және Түркия «террор ұясы» деп атаған «Лаврион» лагерінің жабылатыны алға тартылды.
Грекияның «Катимерини» газетінің хабарлауынша лагерь ғимараттар ескіргені себепті жабылады.
Лагерьдегі 150-ге жуық адамның 100-і Аттика аймағындағы мигранттар лагеріне және 50-і Малакаса сияқты жақын жерлерге жіберіледі.
1940 жылдары салынған лагерь Грекия Қызыл крест ұйымының қарамағында.
«Лаврион» лагерьінде террор ұйымы PKK/YPG символына айналған мата бөліктері және террор ұйымы PKK басшысы Өджаланның фотосуреттерінің ілулі тұрғаны, Грекияны паналаған кейбір террор ұйымы жақтастарының жылдар бойы паналағаны белгілі.
Ұқсас жаңалықтар

Путин мен Раиси телефон арқылы сөйлесті
Ресей президенті Путин мен Иран президент Раиси Қарабахтағы оқиғаларды талқылады.