Литва Беларусьтен өтемақы талап етті

Литва Сыртқы істер министрі Габриелиус Ландсбергис Литваның Әділет министрі Эвелина Доброволсканың сот процесін бастағанын айтты.

1971154
Литва  Беларусьтен өтемақы талап етті

Литва Сыртқы істер министрі Габриелиус Ландсбергис Беларусьті "көптеген аймақтардан мыңдаған адамның заңсыз миграциясын ұйымдастырды" деп айыптап, олардан 120 миллион еуро өтемақы талап еткендерін білдірді.

Ландсбергис өзінің Твиттер парақшасында жасаған мәлімдемесінде Литваның Әділет министрі Эвелина Доброволсканың сот процесін бастағанын айтты.

Беларусьті көптеген аймақтардан мыңдаған адамның ретсіз миграциясын ұйымдастырғаны себепті айыптаған Ландсбергис елінің 120 миллион еуро өтемақы талап еткенін хабарлады.

Добровольска да Твиттер парақшасында Беларусьтен Литваға өтіп, Еуропалық Одаққа кіруді қалайтын заңсыз мигранттар саны 2021 жылдан бері артқанын білдірді.

Беларусь бұл өтінішті қабылдамаса, Литваның Халықаралық сотқа жүгінетіні атап өтілді.



Ұқсас жаңалықтар