Германия канцлерінің орынбасары Киевте

Роберт Хабек Ресеймен соғысып жатқан Украинаға «тосын» сапармен барды.

1968970
Германия канцлерінің орынбасары Киевте

Германия канцлерінің орынбасары, әрі экономика және климатты қорғау министрі Роберт Хабек Ресеймен соғысып жатқан Украинаға «тосын» сапармен барды.

«Spiegel» журналының сайтындағы хабарда энергетика министрі қызметін де атқаратын Хабектің бүгін таңертең Украина астанасы Киевке барғаны айтылды. Хабарда Хабектің 2022 жылдың 24 ақпанынан бері Ресеймен соғысып жатқан Украинаны қалпына келтіру және Украина билігімен энергетика саласындағы ынтымақтастықты талқылайтыны хабарланған.

Министрге сапарында Германия өнеркәсіп федерациясының (BDI) президенті Зигфрид Руссвурм да серік болып жүр.

Киевтің ең маңызды әскери қолдаушыларының бірі Германия жақында Украинаға 18 «Leopard 2» жауынгерлік танкін жеткізді.

Украинаның энергетикалық секторы соғыс кезінде Ресейдің бірнеше рет шабуылына ұшыраған еді, соғыс Ресеймен тығыз экономикалық қарым-қатынастан бас тартқаннан кейін балама энергия серіктестерін іздеуге мәжбүр болған Берлинде энергетикалық саясатты қайта қарауды тудырды.

Ресей-Украина соғысына дейін Германия өзіне қажетті табиғи газ мен көмірдің жартысынан астамын, шикі мұнайдың 34 пайызын Ресейден импорттаған. Соғыстан кейінгі жеткізілімге қатысты белгісіздік және Еуропалық Одақ ресейлік энергетика өнімдеріне салған эмбарго Германиядағы энергетикалық нарықтардағы теңгерімсіздікті тудырған болатын.

Энергия дағдарысынан кейін Германия көмір және ядролық энергетика саясатын қайтадан күн тәртібіне қойған еді.



Ұқсас жаңалықтар