Эквадордағы көшкінде 21 кісі қаза тапты

Табиғи апаттан қаза тапқандар санының 21-ге, із-түзсіз жоғалғандар санының 72-ге, жараланғандар санының 37 кісіге жеткені хабарланды.

1967985
Эквадордағы көшкінде 21 кісі қаза тапты

Оңтүстік Америка елі Эквадордағы топырақ көшкінінде қаза тапқандар саны 21 адамға, із-түзсіз жоғалғандар саны 72 адамға жетті.

Эквадор Ұлттық қауіпті басқару хатшылығы жасаған мәлімдемеде 27 наурызда Чимборазо штатындағы Алауси қаласында көшкіннің салдарынан шығынның артқаны хабарланды.

Мәлімдемеде табиғи апаттан қаза тапқандар санының 21-ге, із-түзсіз жоғалғандар санының 72-ге, жараланғандар санының 37 кісіге жеткені атап өтілді.

Әкімшілік көшкінінен 656 адам зардап шеккенін, 170 адам баспанасыз қалғанын хабарлады.

Билік жаңа көшкін қаупіне қарамастан іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастыруда.

Эквадор Көлік және қоғамдық жұмыстар министрлігі жабылған жолдарды көлік қозғалысына қайта ашу үшін үздіксіз жұмыс істеп жатқанын хабарлады және Чимборазо штатында «төтенше жағдай» жариялады.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауына қарағанда аймақтағы тауда біраз уақыттан бері байқалған жарықтар топырақ көшкініне себеп болғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар