АҚШ-та 2 әскери тікұшағы құлады

АҚШ-тың Кентукки штатында 2 әскери тікұшақтың құлауы кесірінен 9 сарбаз қаза тапты.

1968254
АҚШ-та 2 әскери тікұшағы құлады

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Кентукки штатында 29 наурыз күні оқу-жаттығу кезінде 2 әскери тікұшақтың құлағанын, сондай-ақ  тікұшақтағы 9 сарбаздың қаза тапқаны айтылды.

29 наурызда штаттың Триг округіндегі 101-ші әуе-десанттық дивизиясына тиесілі екі «HH-60 Blackhawk» тікұшағы апатқа ұшырап, тоғыз сарбаз қаза тапты.

Оқиғаға қатысты 101-ші әуе-десанттық дивизиясының бригада генералы Джон Лубас тікұшақтардың бірінде 5, екіншісінде 4 сарбаз болғанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар