Сириядағы Иран Төңкеріс сарбаздарына шабуыл жасалды
АҚШ Дейр-эз-Зорда Иран Төңкеріс сарбаздарына қарасты «Құдс» күштеріне шабуылдағанын жариялады.

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы бригада генералы Патрик Райдер американдық сарбаздар орналасқан Сирияның Хасеке қаласындағы базаға жасалған шабуылға жауап ретінде АҚШ-тың Дейр-эз-Зорда Иран Төңкеріс сарбаздарына қарасты топтарға тиесілі нысандарға жасалған әуе шабуылында 8 адамның залалсыздандырылғанын хабарлады.
Баспасөз хатшысы Райдер күнделікті баспасөз мәслихатында 23 наурыз күні Хасекеде АҚШ әскерлері орналасқан бір базаға пилотсыз әуе көлігімен жанкешті шабуылға АҚШ армиясы қайтарған жауабы туралы мәлімдеді.
АҚШ-тың Дейр-эз-Зордағы Иран Төңкеріс сарбаздарына қарасты «Құдс» күштеріне тиесілі екі құрылымды нысанаға алғанын, алғашқы мәліметтерге қарағанда 8 содырдың залалсыздандырылғанынатап көрсетті.
Райдер 23 наурыз күнгі пилотсыз әуе көлігімен жасалған шабуылда жарақат алған 6 АҚШ қызметкерінің жағдайының жақсы екенін, 2 сарбаздың қызметіне оралғанын, 1 әскердің АҚШ-қа қайтарылғанын және 2 американдық сарбаз бен 1 келісім шартпен жұмыс істейтін қызметкердің Иракта емделіп жатқанын хабарлады.
Иран қолдайтын күштердің 24 наурыз күні АҚШ сарбаздары орналасқан Дейр-эз-Зордағы базаға зымыран шабуылы жасағанын еске салған мәлімдемеші екі шабуылдан кейін осы базаларда орналасқан америкалық әскерлердің жүйке ауруы тексеруінен өткенін және алты сарбаздың «травматикалық ми жарақаты» деп аталатын ми шайқалуы ауруы анықталғанын тілге тиек етті.
Ұқсас жаңалықтар

АҚШ-та жасалған қарулы шабуылда 9 адам жарақат алды
Полиция зардап шеккендер арасында балалардың да бар екенін мәлімдеді.