Ресейдің Украинаға шабуылы жалғасуда
Украина Бас штабы Ресей күштерінің түнде Украинаның бірқатар елді мекендеріне шабуыл жасағанын хабарлады.

Украина Бас штабы Ресей күштерінің түнде Чернигов, Суми, Харьков, Донецк, Запорожье және Херсон облыстарының елді мекендеріне шабуыл жасағанын хабарлады.
Бас штабтан жасалған мәлімдемеде Ресей армиясының 11 зымыран және көп ұңғылы зымыран жүйесінен 43 рет атқылағаны айтылды.
Мәлімдемеде «Дұшпан түнде С-300 әуе қорғаныс жүйесімен Харьков қаласының азаматтық инфрақұрылымына 9 зымыранды ұшырды» делінген.
Ресей армиясының әуе шабуылдарында пайдаланған 10 ұшқышсыз әуе аппаратының 9-ы түсірілгені тіркелді.
Қақтығыстардың орталығы бұрынғысынша Билогоровка, Бахмут, Авдийевка және Маринка болып табылады.
Харьков облысының губернаторы Олег Синегубов түнде Харьковке 9 зымыран ұшырылғанын, шабуылдарда азаматтық инфрақұрылым мен үйлердің зақымдалғанын және 3 адамның жеңіл жарақат алғанын мәлімдеді.
Ұқсас жаңалықтар

Германияда азаматтық алғандардың көбі сириялық
Мәлімдемеде 6 мың 810 ирактық пен 5 мың 600 украинға Германия азаматтығы берілгені атап өтілді.