Германияда қылмыстық істер артты
Германияда 2022 жылды 2019 жылмен салыстырғанда қылмыстық істер саны 3.5 пайыз өскен.

2022 жылы Германияда қылмыс деңгейі алдыңғы жылмен салыстырғанда 11.5 пайыз артты.
2022 жылға арналған Криминалдық қылмыс статистикасының есебі жұртшылыққа жарияланды.
Осыған қарағанда 2022 жылы ел бойынша 5 миллион 629 мың қылмыс тіркеліп, оның алдындағы жылмен салыстырғанда 11.5 пайызға артқан.
2022 жылды 2019 жылмен салыстыратын болсақ, қылмыстық істер саны 3.5 пайызға өскен.
Әсіресе балалар мен жастардың күн сайын жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырауы қорқынышты екені баса көрсетілді.
Жыныстық зорлық-зомбылық қылмысының құрбаны болғандардың 92.4 пайызы, отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарының 80 пайызы әйелдер екені анықталды.
2019 жылдан кейін ұрлық пен тонау қылмыстары және денсаулыққа зиян келтіру істерінің недәуір өсуі назар аударды.
Германияда 2019 жылы 5 миллион 436 мың, 2021 жылы 5 миллион 48 мың қылмыс тіркелді.