Шотландияның жаңа премьер-министрі міндетін бастады

Хамза Юсуф Шотландияның алғашқы мұсылман премьер-министрі атанды.

1967314
Шотландияның жаңа премьер-министрі міндетін бастады

Шотландияның жаңа аймақтық премьер-министрі Хамза Юсуф ант берді.

Юсуф  Эдинбургте Шотландияның Жоғарғы сотында өткен салтанатты рәсімде бас судьяның және аға судьялардың қатысуымен Корольге қызметке және адалдыққа ант беріп, ресми түрде Шотландияның аймақтық премьер-министрі болды.

Пәкістан текті 37 жастағы мұсылман Хамза Юсуф бүгін жаңа министрлер кабинетін жариялайды деп жоспарланды.

Шотландияның аймақтық премьер-министрі және Шотланд ұлттық партиясының (SNP) төрағасы Никола Стурджен премьер-министрліктен де, партия төрағалығынан да кеткеннен кейін басталған жарыста Юсуф көшбасшылық бәсекеде жеңіске жетті. Артынан  кеше Шотландия парламентінде дауыс беру өтті.

SNP-ның жаңа басшысы болып сайланған Хамза Юсуф парламенттегі дауыс беруден кейін Шотландияның алғашқы мұсылман премьер-министрі атанды.

Әкесі 1960 жылдары Шотландияға қоныс аударған пәкістандық, шешесі Кенияда оңтүстік азиялық отбасында дүниеге келген.

Кеше Шотландияда өткен сайлауда аймақтық үкіметтің жаңа премьер-министрі болып сайланған Хамза Юсуф премьер-министрдің ресми резиденциясы Буте Хаустағы алғашқы күнінде отбасымен бірге намаз қылып тұрған суретін жариялады.

Юсуф өзінің Twitter-дегі парақшасында былай деп жазды: «Мен және отбасым бүгін (28 наурыз) парламенттік дауыс беруден кейін Буте Хауста алғашқы түнімізді өткіземіз. Ауызашардан кейін әдеттегідей отбасыма намаз қылдырған кездегі суретім»

Юсуф басқа бір жазбасында Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунакпен сөйлескенін және «Шотландия халқы мен парламентінің демократиялық талаптарын Ұлыбритания үкіметі құрметтеу керектігін түсіндірдім» деді.

28 наурызда Шотландия парламентінде өткен отырыста премьер-министр болып сайланған Юсуф елдің тұңғыш мұсылман премьер-министрі болды, сонымен бірге елдің ең жас депутаты және алғашқы мұсылман министрі атағын да иеленді.

Берілген дауыстардың 52 пайызына сәйкес келетін 26 мың 32 дауыспен ақпан айында премьер-министр Никола Стурдженнің отставкаға кетуімен босатылған Шотландия Ұлттық партиясының (SNP) басшылығына сайланған 37 жастағы Юсуф Шотландияға тәуелсіздік әкелуге «бекінгенін» айтып,  «Біз оны қамтамасыз ететін ұрпақ боламыз» деген еді.



Ұқсас жаңалықтар