Еуропа Одағы мен Қытай қарым-қатынасы өте маңызды

Еуропа Одағы комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйен ЕО-Қытай қарым-қатынастары туралы мәлімдеме жасады.

1967605
Еуропа Одағы мен Қытай қарым-қатынасы өте маңызды

Еуропа Одағы комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың Қытаймен қарым-қатынасы бұл елдің Украинадағы соғыста Ресейді қолдау немесе қолдамауына байланысты екенін білдірді. Урсула фон дер Ляйен Қытаймен байланыстың үзілуі Еуропаның мүддесіне қайшы болатынын айтты.

Фон дер Ляйен келесі аптада Франция президенті Эммануэль Макронмен Қытайға сапары алдында ЕО-Қытай қарым-қатынастары туралы хабарламалар берді.

Фон дер Ляйен Қытайдың ұзақ уақыт жоқшылықтан кейін даму арқылы әлемдік аренаға оралғанын және Қытай мен Еуропаның қарым-қатынасының күрделі екенін еске салды. Соңғы жылдары кейбір проблемалардың болғанын түсіндірген  Фон дер Ляйен «Қытаймен қарым-қатынас өте маңызды» деді.



Ұқсас жаңалықтар