Ұшқары еврей қоныстанушылар әл-Ақса мешітіне шабуыл жасады
Сауд Арабиясы мен Катар ұшқары еврей қоныстанушыларының әл-Ақса мешітіне жасаған шабуылын айыптады.
1966939

Израиль полициясының қорғауындағы ондаған ұшқары еврей қоныстанушы басып алынған Шығыс Иерусалим қаласындағы әл-Ақса мешітіне шабуыл жасады.
Палестинаның ресми агенттігі WAFA-ның хабарында ондаған ұшқары еврейлердің таңертеңнен бастап топ-топ болып әл-Ақса мешіті ауласына кіріп, ғибадат рәсімдерін жасағаны айтылды.
Израиль күштерінің қорғауымен 85 ұшқары еврей қоныстанушы кеше әл-Ақса мешітіне арандатушылық шабуылдар жасап, қасиетті ғибадатханада Талмуд рәсімдерін өткізді.
Рамазан айында израильдіктердің әл-Ақса мешітіне жасаған арандатушылық шабуылдары Палестина әкімшілігінің және халықаралық ұйымдарның наразылығын тудырды.
Сауд Арабиясы мен Катар ұшқары еврей қоныстанушыларының әл-Ақса мешітіне жасаған шабуылын айыптады.