Лавров АҚШ-қа наразылық білдірді

«АҚШ-пен жаңа STAR-қа байланысты ешбір кездесу болмады» деді ол.

1966739
Лавров АҚШ-қа наразылық білдірді

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Америка Құрама Штаттарының құрлық арасы ядролық баллистикалық зымыран қабілетін тежеуді мақсат еткен Стратегиялық қарулардың азайтылуы келісімі  (START) тақырыбында ұстанымын өзгертуі керектігін білдірді. «АҚШ-пен жаңа STAR-қа байланысты ешбір кездесу болмады» деді ол.

Орыс ақпарат агенттігі TASS-қа мәлімдеме жасаған Лавров Ресей мен АҚШ арасындағы жаңа START тақырыбына тоқталды.

Лавров аталмыш келісімді елінің тоқтатып қойғанына назар аударды.

Лавров «АҚШ-пен осы тақырыпта ешбір кездесу болмады.  Байланыс жоқ. Олар бізге нота жолдап,  шешімімізді айыптады.  Осындай шешім қабылдау құқығымыз жоқ деп есептейді» деді.

АҚШ-тың осы келісімнің принциптерін бұзғанын атап көрсеткен орыс министр аталмыш принциптердің Ресей мен АҚШ-тың стратегиялық тұрақтылығын сақтау аясында сенім, құрмет және ынтымақтастыққа сүйенгенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар