Франциядағы қарулы шабуылда 2 кісі мерт болды

Шабуылда 29 және 35 жастағы екі адам қаза тауып, бір адам жараланған.

1966893
Франциядағы қарулы шабуылда 2 кісі мерт болды

Өткен түнде Францияның Ренн қаласында болған қарулы шабуылда екі адам қаза тауып, бір адам жараланды.

Франциядағы жергілікті және аймақтық радиос ақпарат желісі "France Bleu" хабарына қарағанда кеше түнгі сағат 22:00 шамасында бір адам Ренндегі сауда орталығының маңында жеңіл автоматты қарудан оқ жаудырған.

Шабуылда 29 және 35 жастағы екі адам қаза тауып, бір адам жараланған.

Оқиғаға байланысты кісі өлтіру және өлтіруге ұмтылу қылмыстары бойынша тергеу басталды.

Қашып кеткен шабуылшының іздестіріліп жатқаны, шабуылдың есірткі саудасына қатысты ішкі есеп болуы мүмкін екені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар