Францияда полицияны сотқа берді
Экологтар ұйымдастырған шеруде басынан ауыр жарақат алған 1 адамның отбасы полицияны сотқа берді.
Францияда 25 наурыз күні қоршаған орта активисттерінің жасанды су қоймалары жобасына қарсы ұйымдастырған және полиция қатыгездік жасаған шеруде көптеген адам жарақат алып, реанимация бөлімшесінде жатқызылған бір жаралының отбасы қылмыстық іс қозғады.
«Le Parisien» газетінің хабарлауынша ауыр жарақат алған бір азаматтың отбасы «денсаулық сақтау топтарын қасақана түрде өткізбеу» және «адам өлтіруге әрекет жасау» деген айыппен прокуратураға шағым түсірген.
Тулуза текті және 32 жаста екені аталған жаралының шеру кезінде басынан алған соққы салдарынан ауыр жарақат алып, комаға түскен болатын.
25 наурыз күні елдің До-Севр қаласындағы Сент-Солин ауылында мыңдаған эколог 16 жасанды су айрығының салынуына наразылық білдіріп, шеру өткізді.
Ресми ақпарат көздері полиция мен жандармерия қатыгездік жасаған шерулерде тараптар қақтығысып 28 жандармерия мен 7 демонстранттың жараланғанын білдірген еді.
Ұйымдастырушылар керісінше, 200-ге жуық демонстранттың жараланғанын мәлімдеді.
Ұқсас жаңалықтар
Риши Сунак АҚШ-қа барды
Ұлыбритания Премьер-министрі Риши Сунак ресми сапармен Америка Құрама Шттарына барды.