Кениядағы шерулерде қаза тапқандар саны 3-ке жетті

Кенияда өткен аптадан бері үкіметке қарсы шерулерде қаза тапқан адам саны 3-ке жетті.

1966394
Кениядағы шерулерде қаза тапқандар саны 3-ке жетті

Бас қала Найробиден бастап көптеген қалада жалғасқан шерулерде тағы 1 адамның қаза табуымен опат болған адам саны 3 болды.

Елдің алдынғы қатарлы газеттердің бірі «Daily Nation» қақтығыстар себепті кеше «Қара дүйсенбі: Мына ақымақтықты тоқтатыңдар!» тақырыбымен жариялады.

Екінші жағынан кейбір шерушілердің оппозиция басшысы Райла Одинганы қолдайтын бұрынғы президент Ухуру Кениатаның фермасына шабуыл жасауы да наразылық туғызды.

Одинга бастаған Азимио коалициясы өткен аптада сайлау нәтижесіне және қымбатшылыққа қарсы наразылық көрсетіп, көшеге шыққан еді.

Оппозиционерлер әр дүйсенбі мен бейсенбіде демонстрацияларын жалғастыратындарын жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар