Францияда қызметкерлерге ауыр шектемелер жасалды

Францияда мемлекеттік қызметкерлердің телефондарына "Netflix", "Instagram" және "Candy Crash" сияқты сайттары жүктеу шектелді.

1965592
Францияда қызметкерлерге ауыр шектемелер жасалды

Францияда мемлекеттік қызметкерлерге жұмыс телефондарына әлеуметтік желілерді, фильмдерді, ойындар мен бейне сайттарды жүктеуге тыйым салынған.

Қытай мен Батыс арасындағы сауда бәсекелестігімен басталған тыңшылық айыптаулары жалғасуда.

Қытайдағы интернет платформаларына қауіпсіздіті сақтау сылтауымен арт-артынан тыйым салынған.

Америка Құрама Штаттары мен Еуропа елдері кибер тыңшылықтан қорқып, Қытайда орналасқан "Tiktok" бейне бөлісу платформасына тыйым салды.

Ал Франция бұл тыйымды бір қадам алға ілгерлетті.

Елдегі мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс телефондарына тек "Tiktok" ғана емес, сонымен қатар барлық әлеуметтік желілерді, фильмдерді және бейне бөлісетін сайттар мен ойын сайттарын жүктеуге тыйым салынды.

Сондай-ақ тыйым салу тізіміне "Netflix" сияқты фильм сайттары, "Instagram" сияқты әлеуметтік медиа сайттары және "Candy Crash" сияқты ойын сайттары да қосылды.

Президент Эммануэль Макрон да тыйым салу аясында бұл сайттарды жұмыс телефонына жүктей алмайды.

Лауазымдылар бизнес мақсатында кейбір мекемелерге шектеулі жеңілдіктер берілуі мүмкін екенін жариялады.



Ұқсас жаңалықтар