«Saudi Aramco» мұнай компаниясы Қытайда зауыт ашады
«Saudi Aramco» Қытайдың «Norinco» және «Panjin» компанияларымен бірлескен кәсіпорын құрды.

Сауд Арабиясының ұлттық мұнай компаниясы «Saudi Aramco» Қытайда мұнай өңдеу зауыты мен мұнай-химия зауытын салу арқылы жұмысын бастайтынын хабарлады.
«Saudi Aramco» жасаған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Қытайдың «Norinco» және «Panjin» компанияларымен бірлескен кәсіпорын іске қосылды.
Біріккен кәсіпорынның акцияларының 30 пайызын «Saudi Aramco», 51 пайызын «Norinco» және 19 пайызын «Panjin» иеленетін болады.
Компаниялардың бірлескен кәсіпорнымен тәулігіне 300 мың баррель мұнай өңдейтін, сондай-ақ жылына 1,65 миллион тонна этилен мен 2 миллион тонна параксилол өндіру күші бар мұнай-химия зауыты салынады.
Жоба қажетті рұқсаттарды алған соң құрылыс жұмыстарының ағымдағы жылдың сәуір айынан кейін бастау жоспарлануда. Бірлескен кәсіпорынның мұнай өңдеу және мұнай-химия нысандарының 2026 жылы іске қосылуы күтілуде.