Ресей Украинаның шабуыл жасағанын алға тартты

Ресей Қорғаныс министрлігі «Киев режимі Ту-141 «Стриж» типті ұшқышсыз әуе аппаратымен шабуыл жасады» деді.

1965422
Ресей Украинаның шабуыл жасағанын алға тартты

Ресей Қорғаныс министрлігі Украинаның  Ту-141 «Стриж» типті ұшқышсыз әуе аппаратымен Ресей аумағына шабуыл жасағанын хабарлады.

Министрлік Ресейдің Тула облысындағы Киреевск қаласында болған жарылыстың себебіне қатысты мәлімдеме жасады.

Ресей территорияларына шабуыл жасалғанына назар аударылған мәлімдемеде «Киев режимі Ту-141 «Стриж» типті ұшқышсыз әуе аппаратымен шабуыл жасады» деген сөздерге орын берілді.

Мәлімдемеде Тула облысында орналастырылған S-300 және Pantsir-S1 әуе қорғаныс зымыран жүйелері, Ресейдің әуе қорғаныс жүйесі және Поле-21 электронды соғыс жүйелерінің бұл бағытта сенімді қорғаныс қамтамасыз ететініне назар аударған. Мәлімдемеде сонымен қатар  Поле-21 электронды соғыс жүйесінің Украинаның қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарының навигация жүйесін жұмыссыз жағдайға түсіргені  айтылды.

Мәлімдемеде «Бағытынан айырылған ұшқышсыз әуе апараты Тула облысындағы Киреевск қаласына құлады. Оқиға орнында Ресей Қорғаныс министрлігі мен Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр» деді.

Ел астанасы Мәскеуден 220 шақырым жерде орналасқан Тула облысының Киреевск қаласында жергілікті уақыт бойынша сағат 15:19-да жарылыс болып, салдарынан оқиға орнында шұңқыр пайда болды.

Жарылыс салдарынан екі адамның жарақат алғаны, көп пәтерлі 3 ғимарат пен кейбір қоймалардың зақымданғаны айтылды.

Кеңес Одағы кезінде Украинаның Харьков қаласында өндірілген, жауынгерлік-тактикалық және барлау мақсатында пайдаланылған Ту-141 «Стриж» типті ұшқышсыз әуе аппараты 6 мың метр биіктікте ұша алады, жылдамдығы 1110 шақырымға жетеді.

 



Ұқсас жаңалықтар